Челах президентке «Арқанкергендегі» оқиғаға қатысты шындықты айтуға дайын екенін мәлімдеді
Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – 2012 жылы Арқанкерген шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен өмір бойына сотталған Владислав Челах Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Құрметті президент, қаншама жылдар өтсе де мен қайғылы оқиғаның толық көрінісін ашуға дайынмын, кінәлілердің барлығы жазалануы керек. Маған тек айтуға мүмкіндік беруді сұраймын. Мен бәрін бұрынғыдай айтқым келеді. Бейтарап бола алатын тергеушілерге барлық айғақтарды беруге дайынмын. Болған қайғылы оқиғаның шынайы бейнесі ашылмай қалды», – деді Челах.
Ол заставаға шабуыл жасалды деген нұсқаны талап етуде. Сот оның қылмыстық іс бойынша сот актілеріне шағымдануға құқығы жоқ екенін айтып, істі қайта қарау жайлы өтінішін кері қайтарған болатын.
Чезахтың туыстары хаттың президентке электронды түрде жіберілгені растады. Енді оны қарастырудың соңғы мерзімі алдағы қаңтар айына жоспарланған.
Челах президентке хатында өзі жасамаған қылмысы үшін өмір бойына қамалғанын жазады. Ол БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің шешіміне сілтеме жасап, осы шағымын қарап, Қазақстан билігін өзіне қорғануға мүмкіндік жасауды сұраған еді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024