"Астана" ФК-ның Чемпиондар лигасындағы өз алаңында өтетін ойындары билеттерінің онлайн-сатылымы 21 қыркүйектен бастап сатыла бастайды.
Алыпсатарлықты барынша азайту үшін ұйымдастырушылар билеттердің басым көпшілігін онлайн-режимде сатуды көздеп отыр. Бір банк картасы мен бір электронды мекен-жай арқылы 4 билет қана алуға болады. Ұзақ уақыт бойы кезекке тұрудың қажеті шамалы. Ұялы телефоннан, компьютерден кіріп, алдағы өтетін матчтарға билет алуға болады. Онлайн-сатылым серіктесі - "Тикетон" жүйесі.
Билет бағаларын УЕФА өкілдері бекіткен. Түркиялық "Галатасарай" мен Португалиялық "Бенфикамен" өтетін ойындардың билеттері 2 мың теңге мен 10 мың теңге аралығында. Мадридтік "Атлетикоға" қарсы матчтың ең қымбат билеті - 12 мың теңге. Билетті қолдан жасау мүмкін емес. Себебі, онда қорғаныстың үш деңгейі бар. Стадионға кірер сәтте билет арнайы аппаратурамен тексеріледі.
Сатылымға бірден үш ойынның билеттері түседі. Осылайша, жанкүйерлердің өздеріне қолайлы орынды таңдап алуларына болады. Онлайн-режимде сатып алған соң, жанкүйер QR-КОДЫ бар электронды билет алады. Осы код бойынша УЕФА чемпиондар лигасының билеттерін Мега-Орталығынан, "Қазақстан" СК және Конгресс Холлдан басып шығаруға болады.
Ұйымдастырушылар матч барысындағы стадион сервисін де ұмыт қалдырмайды. "Астанаға" қолдау білдіруге келетіндер үшін «KFC» мен «Family Food» компаниялары 30 мың жанкүйерді тамақтандыруға даяр.
Ойынның басталар уақыты - Астана уақыты бойынша 22.00. Қажет деушілерге "Астана Арена" стадионына дейін автобуспен жеткізу ұйымдастырылуда. Матчтан соң автобуспен қалаға жетуге болады. Осылайша спорт аренасының маңынан автотұрақ іздеудің қажеті болмайды.
30 қыркүйек күні, Астана уақытымен 19.00-де автобустар мына жерлерде күтеді:
1. «Қазақстан» СК
2. Мұңайтпасов ат.стадион
3. «Нұр-Астана» мешіті
4. Салтанат Сарайы
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024