Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Чип тапшылығы 2024 жылға дейін созылады

Чип тапшылығы 2024 жылға дейін созылады

Әлем. 5 мамыр. 7kun.kz – Intel бас директоры Пэт Гельсингер чип тапшылығы 2024 жылға дейін созылады деп есептейді. Зауыттар өндіріс қуатын кеңейте алмайтындықтан, Гельсингер тапшылық бастапқыда ойлағаннан ұзағырақ болады деп санайды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бұл жартылай өткізгіштердің жалпы тапшылығы 2024 жылға дейін жалғасады деп ойлаймыз. Қазір тапшылық құрал-жабдықтарға әсер етуде, сол себепті өндірісті арттыру қиындауда», – Пэт Гелсингер.

Гельсингер бұған дейін чип индустриясындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі 2023 жылы орнатылады деп айтқан болатын. Intel бірінші тоқсандағы кірістер жоғары көрсеткіштер көрсеткенімен, екінші тоқсандағы бағасы сарапшылардың болжамынан төмен болды. Соңғы аптада Intel акциялары 8,6%-ға, 93 доллардан 85 долларға дейін төмендеді.

Похожие материалы