Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz - Сарапшы «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» форумының Қазақстанға тигізетін пайдасы қандай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Форумға жиналған сарапшылар санының өзі бұл салаға қызығушылық мол екенін білдіреді. Форум соңында 4 елдің, атап айтқанда Ресей, Армения, Қырғызстан және Қазақстан технопарктерінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады. Аталған уағдаластық аясында жобалардың жүзеге асуына баса мән беріледі. Аталған ұйымдар өзара тығыз байланыста болмақ. Одан бөлек, бізге басқа елдер технопарктерінің жобалары, озық тәжірибелері, оқыту бағдарламалары үлкен қызығушылық туғызып отыр. Оларға керісінше, біздің жобалар қызықты болуы мүмкін», - деді Әділет Нұрғожин.
Сонымен қатар, ол қазақстандық кәсіпкерлердің өз өндірістерін автоматтандыруға ұмтылып отырғанын айтты.
Оның айтуынша, «Астана Хаб» стартаптарының көпшілігі интернет саудасы саласында.
Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ Үкімет басшылары Алматыда өтіп жатқан форум барысында цифрландыру мәселелерін талқылап жатыр. Жиынды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырды.
«Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0.» дәстүрлі форумы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп келеді. Алқалы жиын ЕАЭО мүше елдері арасында цифрлық технологияларды біріге дамытуға бағытталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024