Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян инновациялық жобаларды басқару үшін цифрлық офисті ЕАЭО-дағы жеке органға айналдыруды ұсынды, - деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бүгін бізде комиссияның цифрлық кеңсесі бар (…) және цифрлық офис осы жобаларды басқарудың дербес маңызды органына айналуы тиіс, өйткені жобалардың саны қазірдің өзінде көп және бұл жеке қызмет саласы», - деді Т.Саркисян Алматыда өткен
«Жаһандану заманындағы цифрлық күн тәртібі 2.0: Еуразиялық инновациялық экожүйе» форумында.
Оның айтуынша, Еуропалық Одақтың тәжірибесі мұндай жекелеген бағыттарды жүзеге асыру үшін жаңа құрылымдар құру қажеттігін көрсетті.
«Бұл біздің ықпалдастығымыз осы бес жыл ішінде айтарлықтай ілгерілегенін және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша жаңа құрылымдар қажет болған кезде ықпалдастығымызды тереңдетудің жаңа сатысында тұрғанымызды көрсетеді. Себебі, комиссия бастамалардың негізгі ағындарын игере алмай қалды, және осы жобаларды басқаратын арнайы орган қажет», - деді ЕЭК алқасының төрағасы.
Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы аясында «Жаһандану заманындағы цифрлық күн тәртібі 2.0» форумы өтіп жатыр. Оның жұмысына ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары, ЕЭК Алқасының Төрағасы, ірі халықаралық ІТ-компаниялар мен IT-технопарктердің басшылары, технологиялық индустрия, халықаралық ұйымдар, бизнес өкілдері, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады.
ЕАЭО құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей кіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024