Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

City Center-де бомба бар деп хабарлаған ер адам ұсталды

City Center-де бомба бар деп хабарлаған ер адам ұсталды

Алматы полициясы City Center сауда орталығында бомба қойылды деп хабарлаған ер адамды тұтқындады. Терроризм актісі бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін тергеу ісі басталды деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД.

24 қыркүйекте 18 сағат 37 минутта сауда орталығында жарылыс құрылғысы орналасқаны туралы хабарлама  түсті. Төтенше эвакуация жүргізіліп, оқиға орнына арнайы қызмет келді. "Арлан" арнайы қызметінің саперлері мен кинологтар төрт қабатты үйді тексергенімен, ешқандай жарылыс құрылғысы табылған жоқ.
"Осыдан кейін ІІД оперативті бөлімінің қызметкерлері және Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы оқиғаның ізін суытпай төтенше хабар жіберген азаматты тұтқындады. 1988 жылғы жергілікті тұрғын аталған әрекетке бұзақылық ниетпен барған. Ол барлығын мойындап, психикалық аурумен ауыратындығын да айтты. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр",- делінген хабарламада. Қылмыстық кодекстің терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратты деген 273-бабы бойынша тергеу ісі басталды. Айыпталушы кінәлі деп табылған жағдайда 6 жылға дейін қамауға алынуы мүмкін.

Похожие материалы