Cyber & Digital Security 2019: Италияда киберқауіпсіздікке премьер-министр жауап береді
Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz – Италия Республикасының гүлденуі. Италия барлау қызметінің өкілі Роберт Балдони өз ұйымының қызметін осылай түсіндірді.
Италияда киберқауіпсіздік тіпті - саяси және тактикалық деңгейлер деп бөлінген. Саяси деңгейде және басшы ретінде - премьер-министрдің өзі жауап береді.
Италия киберқауіпсіздік жөніндегі жұмыстарды кешенді түрде 2013 жылдан бастаған. Олар қазір ақпараттық қауіпсіздікті жаппай үйрету мен сауат ашуды ұйымдастыру арқылы да қамтамасыз етіп жатыр.
Еуроодақта болғанымен, негізгі цифрлық қызметтер ең алдымен ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан жобаланады, ендеше Италия Республикасының мүддесі әрқашан жоғары қойылады.
Кибертәуекелдер төрт деңгейлі сүзгіден өткізіледі. Бұған ұлттық периметр деп шартты аталатын шартты шекара аймағы бар. Және осы шартты шекара аумағында қауіпсіздікке байланысты директивалар шығарылып отырады. Киберқауіпсіздік мамандарынвң жетіспеуі жағынан Италия ерекше емес. Сондықтан елдің 18 университетінде жастарды баулу жолға қойылған. Олар ғылым докторы ретінде дайындалады.
Жалпы, академиялық ғылыммен байланыса отырып әрекет ету - римдік киберқауіпсіздік әдістің басты ерекшелігі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024