Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Д. Ақышев: Қазақстанның валюта нарығында тұрақтылық байқалады

Д. Ақышев: Қазақстанның валюта нарығында тұрақтылық байқалады

Астана. 15 ақпан. 7kun.kz - Қазіргі уақытта валюта нарығында тұрақтылық байқалады. Бұдан басқа, теңгенің бағамы сыртқы экономикалық жағдайлардың жақсаруына орай нығайып отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына өзгерістер мәселелері жөніндегі баяндамада сөйлеген сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаттарына  хабарлады.

«Айырбастау бағамының еркін өзгермелі режіміне өткеннен және экономика субъектілері жаңа жағдайларға бейімделгеннен кейін айырбастау бағамы объективті факторларға сәйкес келеді және өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Мұның бәрі  Ұлттық Банктің валюта нарығына араласпауы аясында болып отыр. Біз 2016 жылғы қыркүйектен бастап интервенция жүргізбейміз», – деп атап өтті Д. Ақышев.

Оның айтуынша, мұндай саясат алтынвалюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, Ұлттық Банк басшысы хабарлағандай, қаңтардың соңында Ұлттық қордың валюта активтерін қоса алғанда, елдің жалпы резервтері дерлік 92 млрд. долларға жетті. «Бұл 2015 жылдың соңындағы деңгейден жоғары», – деп қорытындылады ол

Похожие материалы