Астана. 11 қаңтар. 7kun.kz - Азаматтарды уақытша тіркеу үшін халық тығыз орналасқан Алматы мен Шымкент қалаларына мобильді ХҚКО-лар жіберілді. Олар әскери бөлімдер мен тұрғын саны көп аудандарды қызметпен қамтамасыз етуде. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзнің фейсбук парақшасында жазды.
Министрдің сөзінше, қоғамда қызу талқыланып, меморгандар тарапына бірқатар сын айтылуына түсіністікпен қарауға болады.
"Әрине, Заң қабылданған соң, оның жүзеге асуы шарт. Ендігі жерде басты міндетіміз – азаматтардың тіркеуден өтуіне барынша қолайлы жағдай жасау. Міне, осы мақсатта біз ХҚКО-лар қызметкерлерінің жұмыс күнін ұзарттық" - деді министр.
Оның айтуынша, ХҚКО қызметкерлерінің ауысым графигіне өзгертулер енгізіліп, операция залдарында көші-қон полициясы қызметкерлеріне арналған жұмыс орындары көбейтілді.
"9 қаңтардан бастап азаматтарды жылжымайтын мүлкінің орналасқан орнына қарамастан тіркеу мүмкіндігі қарастырылуда. Тіркеуге қатысты барлық сұрақтарыңыздың жауабын Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуларыңызға болады. Әрине, әлі де бірқатар мәселелердің бар екені рас, оларды жақын уақытта реттеу көзделуде. Ең алдымен, шамамен бір ай ішінде «онлайн» режимінде тіркелу мүмкіндігі қолжетімді болмақ", - деп түсіндірді Дәурен Абаев.
Сонымен бірге, азаматтардан міндеті түрде 2-форма бойынша (жылжымайтын мүлікке құқық туралы) анықтаманы талап етуді алып тастау жоспарлануда. Бұл тіркелу процесін 2 есеге дейін азайтар еді.
Министрлік ХҚКО-лардың мәліметтер базасына әкімдіктердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынып отыр. Бұл әкімдікте жәрдемақы рәсімдеуші азаматтардың қажетті анықтамаларды сол жерден алуына мүмкіндік бермек. Осы қадам ХҚКО-лар жүктемесін азайтатыны анық.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024