Экономика
Д.Ақышев: Долларсыздандырудың алғашқы нәтижелері бір жылдан кейін белгілі болады
Долларсыздандырудың алғашқы нәтижелері бір жылдан кейін белгілі болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев мәлімдеді.
"Біз ештеңе істемей нәтижеге жете алмаймыз. Долларсыздандыруға қатысты жоспарларымыз бар және оны нақты шаралар арқылы нығайтқымыз келеді. Нақты нәтижелер туралы бір жылдан соң айтуға болады", -деді Ұлттық банк төрағасы КТК арнасындағы "Портрет недели" бағдарламасында.
"Біз халықтың теңгеге деген көзарасын өзгертуіміз керек. Теңгеге қатысты базалық бағалар мен Қазақстанда өндірілертін азық-түлік тауарларының құны доллар курсының өзгеруіне байланысты реттелмейді. Осыдан соң долларсыздандыру саясатынан жақсы әсер болады. Бұл үлкен жүйелік жұмыс", - деді ол.
Сондай-ақ, Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі 2015-2016 жылдарға арналған экономиканы долларсыздандыру туралы жоспарды дайындады.
Жоспар бойынша ұлттық валютаның шетелдік валюта алдындағы артықшылығын арттыру мақсатында кепілдік берілетін депозит көлемі 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге артады, шетел валютасындағы жылдық сыйақы мөлшерлемесі (доллар бағамы 326,38 теңге бойынша) 3%-ға төмендетіледі, бағаларды шетел валютасымен белгілеуге тыйым салынады.
Фото: khabar.kz