Астана. 26 сәуір. 7kun.kz - Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада барлық дәрі-дәрмекке шекті бағаны бекітуді жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді. Бұл туралы abctv.kz жазды.
«Ертең біз тұжырымдаманы талқылауды бастаймыз. Алдымен Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңесте, кейін кәсіпкерлердің ұлттық палатасының базасында, БАҚ-та талқылаймыз. Бұл заң жобасы қоғамда талқылаудың барлық кезеңінен өтуі тиіс. Заң жобасын биыл күзде парламентке жіберу жоспарда бар», – деді Елжан Біртанов.
Денсаулық сақтау министрлігінде заң жобасын 2017 жылдың соңына дейін қабылдап, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада барлық дәрі-дәрмекке шекті бағаны бекіту жоспарланған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024