Экономика
Выбор редактора
Дәулет Ерғожин: Кәсіпкерлікке қатысты қосымша құн салығы жанама салық ретінде төлену керек
Кәсіпкерлікке қатысты қосымша құн салығы (ҚҚС) жанама салық ретінде төлену керек. Алматыдада өтіп жатқан Х Салық конференциясы кезінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин осылай мәлімдеді.
Оның айтуынша, ҚҚС-ны көбіне ауқымды бизнес төлеп, орта және шағын бизнес салалары бұл салық түріне көңіл бөлмейді. "ҚҚС бәріне міндетті болу керек. Бұл кәсіпкерліктің пайдасына байланысты салынатын салық емес, жанама салық. Нақты, әрі дұрыс жүйе" - деді конференция баяндамасында. Ол Еуропа елдері бойынша, ҚҚС 500 еуродан кем емес екенін айта кетті. Сондай-ақ, Қазақстанда қосымша құн салығына байланысты классикалық кестенің базасын құру қажеттігін айтты. «Қазіргі экономика жағдайында қарама-қайшылықтар жиі туындап жатыр. Мемлекет бюджетіне экспоршылардан келетін құн салығының көлемі азаюда. Айтып кеткендей, ірі бизнес пен орта және шағын бизнеске қатысты құн салығын реттеу керек. Сондықтан бұл - басты диспропорция, біз оны қалыптастыруымыз керек», – деді Ерғожин. Сондай-ақ, кірістер комитетінің төрағасы бақылау-кассалық жүйесі енгізілгенін айтты. Қазіргі уақытта аталған жүйе бойынша 17 үлгі енгізілген. Ал жыл соңына дейін кассалық аппараттардың санын 50 мыңға жеткізу жоспарланған. Алматы қаласында өтіп жатқан конференцияда салықтық және кедендік әкімшілік мәселелері, сондай-ақ, көлеңкелі экономика мен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, электорнды шот-фактуралардың міндеттілігін енгізу жоспарына байланысты құжат айналымы жүйесін дамыту мәселелері сөз болды. Фото: nb.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024