Қазақстанның "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры 5 мыңнан аса әйел кәсіпкерлердің жобасын қаржыландырған. Бұл жөнінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның Астана қаласы бойынша жергілікті бөлімшесінің директоры Исламбек Қайырбеков мәлімдеді.
"Бүгінгі күнге дейін елімізде "Даму" қорының бағдарламалары бойынша 5 мыңнан аса әйел-кәсіпкерлердің жобалары екінші дәрежелі банктері арқылы қаржыландырылған. Олар "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр. Сыйақы мөлшерлемесін субсидияландыруды әйел кәсіпкерлердің 1,5 мың жобасы алады. Несиелер бойынша кепілдеме 320 әйелге берілді", — деді Қайырбеков әйел кәсіпкерлерге арналған семинар барысында. "Қордың мемлекеттік қолдау қаржылық бағдарламасына қатысушы әйелдер үлесі 30 пайызды құрайды. Бұл жаман көрсеткіш емес. Бірақ, алдағы уақытта тым құрығанда 50 пайызға дейін көтеру жоспарланып отыр", — дейді ол. Қайырбековтың айтуынша, Қазақстанда шағын бизнесте әйел жетекшілер үлесі 40 пайыздан жоғары. "Мұндай жағдай тек біздің елімізге ғана тән емес. Бұл жерде әлемдік тенденция туралы айтып отырмыз. Әйел кәсіпкерлерге кезігетін мәселелерді екіге бөлуге болады: қаржының жетіспеушілігі және ақпараттың жетіспеушілігі", — дейді Қайырбеков. "Осы мәселелерді есепке ала отырып, оларға қолдау құралдары ұсынылады. Оның ішінде, кәсіпкерлік және инновациялық жобалар үшін гранттық қаржыландыру, банк несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидияландыру, әйелдер кәсіпкерлігін екінші дәрежелі банктер арқылы несиелендіріп, несиелерді кепілдендіру. Және де кәсіпкерлердің құзырын көтеру бойынша бағдарламалар кешені іске асырылуда", — деп сөзін аяқтады ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024