Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Даму қоры несиелендірген бизнес нысандарына кепілдеме береді

Даму қоры несиелендірген бизнес нысандарына кепілдеме береді
Бүгінгі күні «Даму» кəсіпкерлікті қолдау қоры тарапынан шағын және орта бизнес саласындағы 1133 компания кепілдеме алып отыр. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорының Басқарушы директоры Ғабит Лесбеков мәлім етті, деп жазады Bnews.kz. «Даму» кəсіпкерлікті қолдау қоры тарапынан шағын және орта бизнес саласындағы 1133 компания кепілдеме алып отыр. Бүгінгі күні кепілдеменің жалпы соммасы 22,9 млрд теңгеге жетті. Ол кəсіпкерлерге 52 млрд теңге несие алуға мүмкіндік берді», - дейді Қор басшысы. Қазіргі уақытта «Даму» қоры салалық шектеулер бойынша жұмыс жасап жатқандығына тоқталған Ғабит Əбдімүтəліпұлы: «Салалық шектеу қазіргі «Бизнестің жол картасы» бойынша жүзеге асырылатын жобалар сол қалпында қалады. Ал біз салалық шектеу қойылмайтын осыған ұқсас бағдарламаны əзірледік. Ол кəсіпорындарды көбірек қамтуға бағытталған. Себебі, қазір басымдық танытылған салаларда жұмыс істейтін кəсіпорындардың саны өте шектеулі. Мысалы, шағын және орта бизнес бойынша өнеркəсіп саласында кəсіпкерлікпен айналысатындардың саны 3%, сауда-қызмет саласында 70%-ға жетеді. Сондықтан аз бөлікті қамту үшін бізге басымдық танытылған салалардың санын арттырып, тізімге енбей қалған салаларды қосуды көздеп отырмыз», - деді.  

Похожие материалы