Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - «Даму» Қоры Кепілдеме беру құралын пайдала отырып ең көп несие берген банктің үздік менеджерлерін марапаттады. Аймақтық филиалдарда кепілдеме беру шартын жасауда белсенділік танытқан өз қызметкерлерін де марапаттады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Байқау 2016 жылдың қорытынды көрсеткіштері бойынша өткізілді. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан 436 қызметкер және «Даму» Қорының аймақтық филиалдарынан 83 менеджер қатысты.
«Биылғы ІІІ байқаудың талап аясы кеңейген. Бағалау барысында несиенің қаржы көзі де есепке алынды. Яғни, бұл «Даму» Қоры бөлген қаржы ма, әлде банктің байқауға қатысу балын көтере түсетін өз қаржысы ма деген тұстар да ескерілді. Біз кепілдік беруде жылдам шешім шығару, ауылдық жерлердегі жобаларға қолдау, «Даму» Қорының кепілдігімен банкте жеке қызмет түрін құру секілді опцияларды да енгіздік. Бұл жағдайда банк өз клиенттері үшін өз қызмет түрін енгізуі керек. Бірақ «Даму» Қорының кепілдеме беру құралын пайдалану міндетті. Бұған дейінгі байқауларда кепілдеме беру шарты саны мен байқауға қатысушының қоржынында қайтпай қалған несиелер болмауы басты талап болатын»,-дейді «Даму» Қоры Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мирас Бейсембаев.
2016 жылы «Даму» Қоры 1 182 жобаға кепілдік берген. Олардың 951-імен шартқа қол қойылған. 2016 жылы «Даму» Қорының кепілдемесімен берілген несие көлемі 26,9 млрд теңгені құраса, кепілдеме сомасы 11,9 млрд теңге болды.
ІІІ Байқау жеңімпаздары
№ | ЕДБ филиалының несие менеджері | Екінші деңгейлі банк | Аймақ |
1 | Сұлтан Абдуллаев | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | Жамбыл облысы |
2 | Айгүл Түлеуова | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | Атырау облысы |
3 | Мақсат Бажиков | «Сбербанк» АҚ ЕБ | Ақтөбе облысы |
4 | Гүлмира Темірғалиева | «Сбербанк» АҚ ЕБ | Батыс Қазақстан облысы |
5 | Мирас Жасұланов | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | Батыс Қазақстан облысы |
«ДАМУ-ОПТИМА» бағдарламасы | |||
1 | Қайрат Ғалиев | АО ДБ «Альфа Банк» АҚ ЕБ | Солтүстік Қазақстан облысы |
№ | Бөлім бастығы / ЕДБ филиалдарының басқарма басшысы | Екінші деңгейлі банк | Аймақ |
1 | Нұрлан Мамбетов | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | Жамбыл облысы |
2 | Лунара Карағойшина | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | Батыс Қазақстан облысы |
3 | Жанболат Ерғалиев | «Сбербанк» АҚ ЕБ | Атырау облысы |
№ | ЕДБ ШОБ департамент директоры | Екінші деңгейлі банк | |
1 | Роман Гончаров | «Сбербанк» АҚ ЕБ | |
2 | Альфия Жексенбай | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | |
3 | Данияр Төлегенұлы | «Банк Kassa Nova» АҚ | |
№ | «Даму» Қорының аймақтық филиал менеджері | «Даму» Қорының аймақтық филиалы | |
1 | Нұргүл Құсайынова | Атырау облысы | |
2 | Нұржан Мұрат | Жамбыл облысы | |
3 | Есенжан Мұсағалиев | Атырау облысы | |
4 | Гүлназ Абдірахимова | Жамбыл облысы | |
5 | Гүлмира Нуралдинова | Павлодар облысы | |
6 | Айжан Мустафина | Шығыс Қазақстан облысы | |
7 | Асет Тлемисов | Павлодар облысы | |
8 | Аягүл Рамазанова | Ақтөбе облысы | |
9 | Марат Шанаев | Алматы | |
10 | Әсел Койшыбаева | Алматы облысы | |
№ | «Даму» Қорының бас кеңсесі | Кепілдендіру департаменті | |
1 | Раушангүл Досқанаева | Кепілдендіру департаментінің менеджері | |
2 | Әлия Ағыбаева | Кепілдендіру департаментінің бас менеджері |
Екінші деңгейлі банктер арасында:
ЕДБ | Номинация | |
1 орын | «Сбербанк» АҚ ЕБ | «Үздіктердің үздігі» |
2 орын | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ | «Аймақтардағы бизнесті қолдаудағы үздік банк» |
3 орын | «Банк Kassa Nova» АҚ | «Жедел шешім» |
«Банк ЦентКредит» АҚ | «2016 жылдағы сенімді әріптес» | |
«QazKom» АҚ | «Жыл жаңалығы» | |
«Forte Bank» АҚ | «2016 жылы «ДАМУ-ОПТИМА» бағдарламасы бойынша ең көп кепілдік беруші» |
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024