Экономика
Авто
Выбор редактора
«Даму» Қорының бағдарламалары бойынша 2000-ға жуық жоба қаржыландырылды
Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz - Жас кәсіпкерлердің 2000-ға тарта жобалары «Даму» Қорының бағдарламалары бойынша қаржыландырылып, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 34 мыңнан астам жас кеңес алды. Бұл жайында «Даму» Қорының басқарушы директоры, басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков «Almaty Invest 2016» IV Халықаралық инвестициялық форумы аясында өтіп жатқан «Almaty Startup City» форумында мәлімдеді.
Оның айтуынша 2016 жылы екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікті несиелерге жалпы құны 15,9 млрд теңге болатын 954 жоба қол жеткізді. 2012 жылы 9 млрд теңгеге тек 471 жоба қаржыландырылған болатын. 2015 жылы екінші деңгейлі банктер арқылы 11,4 млрд теңгенің 648 жобасы қаржыландырылған. «Даму» Қорының тағы бір қаржылық құралы – несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша жалпы құны 152,8 млрд теңге болатын 777 жоба қолдау алған. Бұл - «Даму» Қорының мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылардың 9 пайызын құрайды. 2012 жылы бар болғаны 44 млрд теңгенің 66 жобасы ғана субсидияланған болатын. 2015 жылы ісін жаңа бастаған 646 жас кәсіпкер субсидияға қол жеткізген. Субсидиялардың жалпы құны 137 млрд теңгені құрады. Екінші деңгейлі банктер алдында кепізаты жеткіліксіз болған жағдайда Қор ұсынатын кепілдемені ісін жаңа бастаған 146 кәсіпкер пайдаланып, жалпы құны млрд теңгеден асатын кепілдік берілген. Бұл - «Даму» Қорының мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылардың 6 пайызын құрайды. 2015 жылы 243 млн теңгеге 41 жоба кепілдеме алса, 01.01.2016 жылы бұл көрсеткіш 467 млн теңгенің 52 жобасын құраған. «Даму» Қорының кепілдігіне қол жеткізуде 72 жоба немесе 49 пайызбен қызмет көрсету саласы алда келеді. Екінші орында 29 жоба немесе 20 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібі тұр. Үштікке 15 пайызбен көлік және қоймада сақтау саласы да кіреді. Бұл сала бойынша «Даму» Қорының кепілдігін 22 жоба алған. «Даму» Қоры жас кәсіпкерлер үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесінің 10 пайызына дейін субсидиялап, 85 пайызына дейін кепілдік береді. Астана және Ақтөбе облыстарының әкімшіліктерімен бірлесіп, жастарды жеңілдікпен несиелендіру бағдарламаларын жүзеге асырудамыз. Мысалы «AstanaZhasStart» бағдарламасы бойынша 42 жоба 7 пайызбен несиеге қол жеткізді. Ал дәл осындай бағдарлама бойынша Ақтөбеде жылына 8,3 пайыздық мөлшерлемемен 5 жас кәсіпкер іс бастауға мүмкіндік алды»,-деді «Даму» Қорының Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024