«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин мәжілістің есеп комитетінің алдында есеп берді. Төраға 2011-2015 жылдар аралығында «Даму» Қорының 134 млрд теңге тартқанын атап айтты. Ал 2016-2018 жылдарда қаржылық институт тағы 252 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр.
«Бүгінгі күні инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған ұзақ мерзімді қаржыландыруда өтімділік жоқтығы байқалып отыр. Қазір біз Азия даму банкі, ЕҚЖБ, Дүниежүзілік даму банкі секілді халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз»,-деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.
Қаныш Тулеушин «Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасының бағыттары туралы жеке-жеке тоқталды. Жинақтап айтар болсақ, Біріңғай бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлер 5,1 трлн теңгенің өнімін шығарды. 428 млрд. теңгенің салығын төледі. 216 мың жұмыс орны сақталды. Кәсіпорындар 67,4 мың жаңа жұмыс орындарын ашты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024