Алматы. 29 қараша. 7kun.kz – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры 2017 жылдан бері негізгі бизнес-процестерді 100% автоматтандыруға бағытталған жобаны жүзеге асырып келеді. Бұл бойынша айналымдағы құжаттар цифрлы кейіпке еніп, қағазға басудың қажеті болмайды.
Бұл оңайландыру жұмыстары қызметкерлердің еңбек тиімділігін арттырып, процестер жариялы болып, орындау тәртібі нығайып, уақыт пен қол еңбегі үнемделіп жатқанын байқаған соң Қор бұл тиімді әдісті клиенттеріне де қолданып көруге бел буды. Өкінішке қарай, бүгінгі күні қазақстандық кәсіпкерлердің көпшілігі өз шаруаларын автоматтандыруға көңіл бөле бермейді. Бизнеске автоматтандырудың қаншалықты пайда әкелетінін көзбен көрмеген соң бұл шаруаны өте қажет деп ойламауы мүмкін.
«Даму» Қоры Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамудың операторы ретінде клиенттеріне автоматтандырудың тиімділігін көрсетіп, үздік әдістерді қолдана отырып, елдегі цифрландыру ісіне үлес қосуға шақыратын ниетін жариялайды. Бұл бастаманы Documentolog компаниясы қолдады. Коммерциялық ұйым қор клиенттерін молынан қамту үшін 100 млн теңге бөліп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Documentolog компаниясы 2018 жылы Digital Bridge Awards бойынша ең үздік IT-компания болып аталған еді. Олар Қор клиенттеріне автоматтандырудың оң тижесін көруді тегін ұсынып отыр.
«Damu.Paper.FREE» акциясын жариялай отырып біз Қазақстандағы цифрландыру ісін насихаттауға үлес қосып қана қоймай, кәсіпкерлерге бизнесінің бәсекеге қабілеттігі мен тиімділігін арттыруға да мүмкіндік береміз», - дейді Documentolog Бас директорының орынбасары Мәдина Дусмағамбетова.
Бұл шара аясында Қоры клиенттері «СЭД Documentolog» пен «КЦОЭД Doc24» жүйесі арқылы ішкі және сыртқы құжат айналымын автоматтандыру процесіне 2 000 000 теңге ала алады. Шараға қатысатын әр тұлға 2 000 000 теңгенің сертификатына қол жеткізіп, осы құжат аясында автоматтандырғысы келетін бизнес процесті өзі таңдай алады.
«Қазір «Даму» Қорының әр контрагенті бізбен тегін ресми хат жазысып, маңызды заңды құжатарды электронды түрде жасаса алады. Шараға қатысушылар құжат айналымын электронды форматқа енгізу процесінің қаншалықты тиімді екенін өз тәжірибелерінде байқап, көз жеткізе алады деп сенеміз», - дейді «Даму» Қорының Басқарушы директоры Қуаныш Ұласбеков.
Қатысу үшін www.documentolog.kz/damupaperfree сілтемесі арқылы сауалнама толтырып, өтінім беру керек. Толыққанды ақпарат «Даму» Қорының сайтында жарияланған. https://www.damu.kz/
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024