"Даму" қорының төрағалығына Қаныш Тулеушин тағайындалды, деп хабарлайды "Бәйтерек" Ұлттық холдингі.
Бұл туралы шешім ұлттық холдинг директорлар кеңесінің кезекті отырысында қабылданған. Ол бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық қорының басқарма директоры болған еді.
Бұған дейін қордың төрағасы қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова"Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
"Бәйтерек" ҰБҚ" АҚ 2013 жылдың мамыр айында құрылған. Холдингктің құрамына "Қазақстан даму банкі", "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ банкі" АҚ, "ҚазЭкспортГарант", "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры "KazynaCapitalManagement" АҚ сияқты мемлекеттік қаржы институттары кіреді.
Фото: oxu.az