Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дамушы 12 елдің халықаралық резерві 2,8 трлн долларға қысқарды

Дамушы 12 елдің халықаралық резерві 2,8 трлн долларға қысқарды

Дамушы елдер өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, девальвация кезінде ұлттық валюта қорын сақтап қалды.

Bloomberg агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қытай мемлекеті мен валюта курсы белгіленген елдерді қоспағанда дамушы 12 елдің халықаралық резерві 2015 жылы 2%-ға, яғни 2,8 трлн долларға дейін қысқарған.

Аталған көрсеткіш төмен болуы да мүмкін. Себебі доллардың нығаюы еуро мен басқа да резервтік валюталардың әлсіреуіне алып келді.

Қытай мемлекеті өткен жылы юаньды қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін 400 млрд доллар жұмсаса, Ресей, Тайланд сияқты елдер экспортшыларды қолдау мақсатында девальвацияға жол берді. Шикізат бағаларының төмендеуі мен мемлекеттердің доллармен алған қарыздарына байланысты валютаның әлсіреуі елдердің бюджетінің қысқару мен инфляция деңгейінің артуына әкеп соққан жоқ.

Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай бақылауға алынбайынша, дамушы елдердің орталық банктері девальвациямен күресті бірден қолға ала қоймайды.

Похожие материалы