Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дана Жүнісова «Атамекен» ҰКП басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды

Дана Жүнісова «Атамекен» ҰКП басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының 2016 жылғы 3 мамырдағы шешімімен төрағаның орынбасары, басқарма мүшесі болып Дана Бейсенқызы Жүнісова тағайындалды, деп хабарлайды ҰКП-ның баспасөз қызметінен.

Дана Жүнісова ЕАЭО, ДСҰ, кедендік әкімшелендіру, техникалық реттеу, өнеркәсіп және инвестициялық саясат, сондай-ақ көлік саласы мәселелеріне жетекшілік етеді. 31 жастағы Дана Жүнісова - Целиноград қаласының тумасы. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдап, экономист біліктілігін алды. Қазіргі кезде Еуропалық университет бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес академиясының магистранті болып табылады. Еңбек жолын 2003 жылы «Казақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бас маман болып бастаған. Одан кейін «Астана-Финанс» АҚ-да бас менеджер, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойындарының Ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-да департамент директоры болып қызмет атқарды. 2013-2015 жылдары тариф орнату бойынша департамент директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары, Экономикалық интеграция департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өнеркәсіп және инвестициялық саясат департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2015 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - басқарма төрағасы орынбасарының м.а. - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экономикалық интеграция департаментінің директоры қызметінде.

Похожие материалы