Алматы. 25 қазан. 7kun.kz – Жылдың басынан бастап 24 қазанға дейін валюта нарығында теңге бағамы 10,1%-ға әлсіреді және бір АҚШ доллары үшін 365,82 теңгені құрады. Бұл туралы бас банк басшысы Данияр Ақышев сенаттың жалпы отырысында баяндады.
«Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторларға байланысты болды. Біріншіден, дамушы елдердің валюталарына қатысты АҚШ долларының күшеюі. Екінші фактор - Ресейге қарсы санкцияларды одан әрі қатайту туралы хабарлау. Осыған орай, жылдың басынан бері Ресей рублінің әлсіреуі 15% болды. Ұлттық Банк шекарасы, дәлізі немесе басқа да бағдарлары жоқ өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жүргізуін жалғастырады», - деп атап өтті Данияр Ақышев.
Оның айтуынша, алдын ала деректер бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері 30 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері - 56,3 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 86,4 млрд АҚШ долларына жетті.
«Ағымдағы жылдың 9 айында депозиттер 0,8%-ға 17,6 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі 1,1% немесе 97 млрд теңгені құрды. Шетел валютасындағы депозиттер 0,5%-ға немесе 40,8 млрд теңгеге көбейді. Нәтижесінде, депозиттердің долларландыруы 47,5%-ға дейін төмендеді. 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді анықтау тәсілі өзгерді. Мөлшерлемелер мерзім және салым түрі бойынша жіктеледі», - деді ол.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы кредит нарығы қалпына келуде деп атап өтті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9 айда жаңа несиелер беру көлемі 25,8%-ға немесе 2 трлн теңгеге өсті. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін қоспағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 11,2%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме жыл басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы қыркүйекте 12,2%-ға дейін төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024