Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Данияр Ақышев: Базалық мөлшерлеме 9,5 пайызға дейін төмендетілді

Данияр Ақышев: Базалық мөлшерлеме 9,5 пайызға дейін төмендетілді

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz - Ұлттық банк +/-1 пайыз симметриялық дәлізбен базалық мөлшерлемені 9,5 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 5 наурызда базалық мөлшерлеме бойынша брифингтегі баяндамасында айтып берді.

Ол банктерге өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10,5 пайызға дейін, ал өтімділікті алу операциялары бойынша 8,5 пайызға төмендегенін атап өтті. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі де 9,5 пайызға дейін төмендетілді.

«Бұл 2018 жылы базалық мөлшерлеменің екінші төмендеуі. Базалық мөлшерлеменің төмендеуі біріншіден, 2017 жылғы желтоқсаннан байқалатын инфляциялық аяның жақсаруын көрсетеді. Екіншіден, орта мерзімді аралықта инфляциялық процестердің одан әрі төмендеуіне біздің сенімділігімізді көрсетеді», - деді Д. Ақышев. Қаржы реттеушісі басшысының айтуынша, осы орайда ақша-кредит талаптары бейтарап ретінде сипатталады: «Біз өз шараларымыз арқылы инфляцияның төмендеуін тездетпейміз. Инфляциялық күтулерді біртіндеп орнықтыруға ықпал етеміз». Базалық ставканың одан әрі серпініне қатысты Д. Ақышев Ұлттық банк 2018 жылы оны біртіндеп төмендету саясатын жалғастыратынын атап өтті: «Ол үшін барлық алғышарттар бар. Инфляция деңгейін одан әрі төмендету және инфляцияның болашақ деңгейінің орта мерзімді нысаналы дәлізге сәйкес келуі, 2020 жылы 4 пайызға қолжетізу маңызды талап болады». Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 16 сәуірде Астана уақытымен 17:00-де жария етіледі. Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы