Парламент Сенатының отырысында Ұлттық банк төрағасын өзгерту туралы мәселе қаралды. Осыған дейін бұл қызметте Қайрат Келімбетов отырған еді.
Отырысқа Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин қатысты. Мемлекет басшысы Парламент Сенатына Ұлттық банк төрағасы қызметіне Данияр Ақышевты тағайындау туралы өтініш білдірді.
Данияр Ақышев 1976 жылы 25 мамырда Алматыда туылған. Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын экономист мамандығы бойынша бітіріп шыққан. АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустрия, Түркия тәрізді елдерде халықараық қаржылай ұйымдар мен институттардың семинарлары мен курстарына қатысқан.
1995-1996 жылдары Орта Азия қор биржасында бас экономист қызмет атқарды.
1996 -2007 жылдары Ұлттық банктың Статистика және зерттеу Департаментінде жұмыс істеді.
2007-2014 жылдар аралығында Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды. Осыдан кейін ҚР Президенті Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарды.
2015 жылдың 24 тамызынан бері уақытша Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарып келеді.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еңбек сіңірген қызметкері"белгісімен марапатталған.
Ақышева Зәуре Мырзабайқызына үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024