ҚР Президент Әкімшілігіндегі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы ретінде Жамаубав Ерұлан тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
"Мемлекет басшысының бұйрығы бойынша, Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы ҚР Президент Әкімшілігіндегі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалды", - делінген таратылған хабарламада. Айта кетейік, бұл қызметте Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған Данияр Ақышевты алмастырды.
Ерұлан Жамаубаев Кенжебекұлы 1955 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша аяқтаған. 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі халықаралық бизнес мектепте "Стратегиялық менеджмент" мамандығы бойынша магистрлік атаққа ие болды.Банк саласындағы кәсіби жұмысын 1998 жылы ҚР Ұлттық банкінің Зерттеу және статистика Депарментінде бастады. 2006 жылдың желтоқсанында Ұлттық банктың Департаментінің директоры, кейінірек "Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ атқарушы директоры болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024