Қазақстанда президент сайлауынан кейін теңге девальвациясын жүргізуге ешқандай себеп жоқ деп санайды қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев.
"Сайлаудан кейін бәрі девальвация болады деп күтіп жүр... Экономикалық жағдайға жүргізілген талдау бұған ешқандай себеп жоқ екенін көрсетті. Алтын-валюта қоры, сауда балансы тұрғысынан елдегі ахуал күтпеген өзгерістердің болуын жоққа шығарып отыр", - деді ол Астанада өткен "XXI ғасырдағы Қазақстан: табыс стратегиясы" атты халықаралық сарапшылық кездесунде.
Саясаттанушының пікіріне қарағанда, болуы мүмкін деген девальвация "сараптамалық бағалаудан гөрі жағдайды өршітуге тырысатын банктік капитал мен экспортерлер тарапынан жасалған қадам болуы мүмкін".
Бұған дейін бірқатар шетелдік қаржы институттары Қазақстанда сайлаудан кейін девальвация болады деп болжам жасаған-ды.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





