Мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу жүйесін едәуір жетілдіру, мемлекеттік қызметке кіру үшін артық тосқауылдар мен кедергілерді алып тастау міндеті тұр. Осыған байланысты іріктеу жүйесі жеңілдетіліп, мемлекеттік қызмет барлығына қолжетімді болады. Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің кеңейтілген Алқа отырысында агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев осылай деді.
«Бұған қоса, мемлекеттік қызметтен «шығу» тәртібі жеңілдетіледі. Қазіргі уақытта жұмыстан босату үшін қызметші қатарынан 2 жыл қанағаттанарлықсыз деп бағалануы қажет екенін білесіздер. Қызметін бағалау қорытындылары бойынша жұмысын төмен атқарған деп саналатын қызметкерлерді жұмыстан босатуға тезірек мүмкіндік беретін ережелер қалыптастыруымыз қажет деп санаймын», - дейді төраға.
Бұл ретте мемлекеттік қызметке қабылдау мен қызметтік жоғарылатудағы басты ұстаным – «меритократия» қағидаты болып қала береді.
«Біздің міндет – елге қызмет еткісі келетін, ынта-талабы бар азаматтарға мемлекеттік қызметте жұмыс атқаруға мүмкіндік тудыру. Бұл үшін Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізу жұмыстары жалғасатын болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта, жастар мен мемлекеттік қызметшілер арасынан таланттарды анықтау үшін түрлі хакатондар мен тақырыптар бойынша конкурстар өткізу мәселесі пысықталатын болады», - дейді агенттік басшысы.
Бұл әсіресе көптеген мекемелердің персоналды басқару қызметтерінің жұмысына қатысты. Яғни олардың негізгі қызметі рәсімдік тәртіптердің сақталуын бақылауға бағытталған, ал персоналдың сапалық тұрғыдан жетілуі мәселесімен ешкім айналыспайды.
«Осыған байланысты персоналды басқару қызметін толыққанды HR бөлімшелерге реформалау және заманауи технологияларды пайдаланатын мамандарды тарту, қолданыстағы персоналды басқару қызметінде жұмыс істейтін қызметшілерді оқытуды жүргізу қажет. Мемлекеттік қызметте стратегиялық кадрлық жоспарлауды, қызметкерлерді тарту мен іріктеуді, оларды бағалау мен оқытуды, мотивациялауды қамтитын персоналмен жұмыс жасаудың толық циклін әзірлеп, енгізуіміз қажет», - дейді Д.Жазықбаев.
Бұл ретте агенттік жәрдемші және сүйемелдеуші офис ретінде мемлекеттік органдарға қолдау жасайтын болады. Және мемлекеттік қызметте адами капиталмен жұмыс істеудің бірыңғай әдіснамасын, нормалары мен стандарттарын қалыптастыру және қолдау, дарынды қызметкерлерді ілгерлету жүйесін құру және ұйымдастырушылық мәдениетті басқару құралдарын енгізумен айналысады.
«Алда, Агенттік, сарапшылармен ортақ талқылаудың қорытындысын және әлемдік тәжірибені жан-жақты зерделеп, нақты ұсыныстарды дайындайтын болады.Болып жатқан ілгерілеу бағытындағы өзгерістердің қарқынын төмендетпеу үшін, қажет жағдайларды қалыптастырып, бар мүмкіндіктерді пайдаланатын боламыз», - деді Д.Жазықбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024