Экономика
							
							Дариға Назарбаеваның депутаттық қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылды
							
						 
													
						
						ҚР Парламенті Мәжілісі 16 қыркүйек күні депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Оған себеп - экс-депутаттың ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалуы. Бұл туралы Мұхтар Тінікеев Фейсбуктегі парақшасында жариялады.
«Дариға Назарбаева көптеген әлеуметтік жобалар жүргізді, Қазақстанның күрделі мәселелерін көтерді. Барлық әріптестер Дариға Нұрсұлтанқызына алдағы уақытта табыс тіледі», – деп жазды депутат.
Бұрын хабарлағанымыздай, 11 қыркүйек күні премьер-министрдің орынбасары қызметіне Дариға Назарбаева 
тағайындалған болатын. Ал, экс-вице-премьер Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының 
әкімі болып тағайындалды.