Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz - Бүгін белгілі қазақстандық бизнесмен Нұрлан Тілеубаев Delta Bank директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Delta Bank баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек ол Галина Шалғымбаеваның орнына барған. Д.Тілеубаев бұл қызметті 2021 жылдың 10 қазанына дейін атқармақ. Бүгінгі өзгеріске сай Delta Bank директорлар кеңесінің құрамы мынандай: Н.Тілеубаев-төраға, ДК мүшесі, Гүлнұр Бейқұтова-тәуелсіз директор, ДК мүшесі, Нұрбол Самзаев-ДК мүшесі.
Банк акционерлері: Н.Тілеубаев (49,32%), Гүлімжан Ахметжанова (9,82%), Алмагүл Балмағамбетова (9,71%), Жанар Жолдыбаева (9,81%), Ғалия Сақтағанова (9,78%), Күләш Сарқұлова (9,82%). Delta Bank 2016 жылдың қорытындысы бойынша актив көлемі бойынша 34 банктің ішінде 14 орынды иеленді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024