2018 жылы маусымда өткен аймен салыстырғанда баға 0,3% өсті, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда көрсеткіш 6,7% көтерілді.
Әлеуметтік сервистердегі денсаулық сақтау қызметі 2018 жылдың I кварталында 241,9 млрд теңгеге жұмыс атқарып, 2017 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 3,6% түсті.
Көрсеткіштердің төмендеуі Қазақстанның 11 аймағында байқалған. Алматы облысының тұрғындарына денсаулықсақтау мен әлеуметтік қызметтер өткен жылмен салыстырғанда 14,8% азайды. Дәл осы қызмет көрсетулер Жамбыл облысында 13%, Павлодарда 9,6% төмендеді.
Денсаулықсақтау қызметтері көбіне бюджеттік қаражаттан бөлінеді - 185,7 млрд теңге. Алайда бір жылда денсаулықсақтауға бағытталған мемлекеттік бюджет қаражаты 6,9% азайып, 13,8 млрд теңгені құрады.