Депутаттар өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің проблемасын көтерді
З. Кузиев, Г. Шиповских, А. Сатвалдиев, Н. Ниязова, Е. Больгерт бастаған бір топ депутат Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауалхат жолдап, өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінің мәселесін көтерді.
Депутаттардың айтуынша елімізде 3,5 млн жуық білім алушысы бар 6900-ден астам мектепбар. Оның ішінде 208 мектепте 100 000 мыңға жуық оқушы өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқиды. Алайда біраз жылдан бері аталған мектептер оқулықтарды кешігіп, оқу жылының 2-ші тоқсанның басында, кейде тіпті соңында алады екен.
Мысалы: 2019-2020 оқу жылында 10-сыныптарға арналған оқулықтар қараша-желтоқсан айларында, 2020-2021 оқу жылында 11-сыныптарға арналған оқулықтар қараша айының басында, 2021-2022 оқу жылында 1-сыныптарға арналған оқулықтар қараша айының басында, 2022-2023 оқу жылында 2-сыныптарға арналған оқулықтар қазан айының басында алынған. Бұған себеп - Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығының кеш шығуына және оның әділет органдарында тіркелуіне байланысты.
Депутаттар «бұл ата-аналар мен оқушылардың наразылығын тудырып отыр деген депутаттар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді шығару мерзімдерін оңтайландыру және қайта қарау керек», дейді. Сондай-ақ, оқулықтар мен ОӘК дайындау бойынша тиісті мамандарды оқыту үшін гранттар бөлуді сұрап отыр. Өйткені министрлік оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді дайындауға қажетті кадрлар аз деп отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024