Депутаттар тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға бір күндік жалақысын аударады
Мәжіліс депутаттары отырыс кезінде бір күндік жалақысын су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға аудару туралы шешім қабылдады деп хабарлайды vlast.kz.
"Кейбір елдімекендердің су астында қалып, бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төнуіне байланысты біз алаңдаушылық білдіріп отырмыз. Зардап шеккендердің отбасына мемлекет тарапынан толыққанды көмек көрсетілуде. Дәл уақытында қолдау көрсете білу біздің салт-дәстүрімізге тән. Біз зардап шеккендердің отбасына көңіл айтамыз. Құрметті әріптестер, көмекке мұқтаж жандарға қолдау ретінде оларға "Нұр Отан" партиясы фракциясының атынан бір күндік жалақымызды аударуға шақырамын", - деген ұсыныс білдірді Төлеген Ибраев. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қабыл алды.
ІІМ-нің мәліметінше, тасқын салдарынан республиканың бес облысында 2434 тұрғын үй су астында қалып, 25 шақырымға созылған 164 автомобиль жолы мен 9 көпірді су шайып кетті.
Апат салдарын жоюға елдің 10 аймағынан ТЖ бөлімдері тартылып, 6,5 мыңнан астам адам, 1780 техника, 130 су тартушы құрылғы және 115 жүзетін құрылғы жұмылдырылған. Әзірге 2173 үйдегі су тартылып, 10 мыңға жуық тұрғын үй-жайларына қайта оралды. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың сөзінше, "мұндай көлемдегі су тасқыны елімізде соңғы онжылдықтарда бірінші рет байқалып отыр".
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024