Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 981,6 млрд теңгені құрады

Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 981,6 млрд теңгені құрады
Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz - 2017 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға өсіп, 981,6 млрд теңгені құрады деп жазады Primeminister.kz. Үш жылда Мемлекеттік бағдарлама аясында 3 трлн теңге қаржыға 378 жоба іске қосылып, 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2017 жылы 1,5 трлн теңге қаржыға 120 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 2018 жылы «Проммашкомплект» ЖШС теміржол доңғалақтары өндірісінің кешені және үлкен диаметрлі болат құбыр өндіретін «Эйжа Стил Пайп Корпорейшн» ЖШС зауыты сияқты индустриялық жобалар іске қосылады. 2018 жылдың соңына дейін 1 трлн-нан астам теңгеге 150 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Онда шамамен 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2020–2024 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасын әзірлеу жұмысын бастадық. Аталған жұмысты 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарда бар», — деді Жеңіс Қасымбек.

Похожие материалы