«ДХР» екі британдық пен бір марокколықты өлім жазасына кесті: Олар Украина қарулы күштерінде соғысқан
Әлем. 10 маусым. 7kun.kz – Өзін-өзі мемлекет ретінде жариялаған Донецк халық республикасының соты британдықтар Шон Пиннер мен Айден Аслинді, сондай-ақ Марокко азаматы Саадун Брахимді билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін, сондай-ақ лаңкестік әрекетке талпынғаны үшін кінәлі деп тапты. Олар өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сот тез өтіп, журналистер кіргізілмеді. Bbc.com жазуынша, соттан келген жаңалықтардың барлығы ресейлік мемлекеттік БАҚ-та жарияланды. Ресейлік БАҚ айыпталушылар «террористік әрекеттерді жүзеге асыру үшін дайындықтан өткенін мойындады» деп мәлімдеді. Ал бұл бап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады.
Сотталғандардың туыстары оларды қалыпты қорғамағанын, оларға берілген адвокаттардың еш әрекет жасамағанын айтады.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс британдық жалдамалыларға қатысты үкімді заңсыз деп атап, сот шешімін айыптады. Сондай-ақ Ұлыбритания билігінің сотталғандардың туыстарына барлық қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024