Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, «Дикий» Арман деген лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 7 қаңтарда ұсталды. Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі, 272-бап және 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша күдікті ретінде қамауға алынған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024