Мәскеу. 3 тамыз. 7kun.kz - Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциясы Мәскеудің Вашингтонмен қарым-қатынасын жақсарту туралы үмітін үзгенін мәлімдеді.
«Ресейге толыққанды сауда соғысы жарияланды», - деді Медведев.
Оның пікірінше, санкция режимі ондаған жыл бойы сақталады және шектеу барлық саланы қамтитындықтан оны АҚШ президенті Конгрестің келісімінсіз өз бетімен жоя алмайды.
Енді Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасы конгрестің құрамы мен президенттің кім екеніне қарамастан өте шиеленісті болады. Дмитрий Медведев Ресей билігі экономика мен әлеуметтік саланы дамыту жұмыстарын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
«Біз қиындықты еңсереміз», - деді премьер-министр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін АҚШ-тың жаңа салған санкциясы іс жүзінде ешнәрсені өзгертпейтінін айтқан.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп Ресейге қарсы санкциялар туралы заңға қол қойғанын хабарлағанбыз.
Дереккөз: turkystan.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024