Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 343 теңгеге дейін өсті

Доллар 343 теңгеге дейін өсті

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 3 шілдесіндегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 342,97 теңгені құрады. 2 шілдедегі  таңғы сессиямен салыстырғанда (341,72 теңге/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 1,25 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 342,50 теңге, ең жоғары – 343,20 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 343,10 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 79 млн 950 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 147.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 344 теңге, Алматыда – 344,6 теңге деңгейінде сақталды.

АҚШ долларына шаққандағы теңгенің ресми бағамы Қазақстандық қор биржасының екі сессияның қорытындысы бойынша бекітіледі.

Похожие материалы