Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,87 теңгені құрады. 15 ақпандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (377,54 теңге / $1) ұлттық валюта 1,67 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375,45 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 375,85 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 55 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 107.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378,5 теңге, Алматыда – 379 теңге.
Ұлттық Банктің 18 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,62 теңгені құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024