
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,16 теңгеге арзандап, 1 доллар 489,10 теңге болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ал Ұлттық Банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 494,16 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 487,80 теңге, сатып алу – 483,13 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 487,07 теңгеден болса, ал сатып алу – 482,41 теңге.