Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 356 теңгеге жуықтады

Доллар бағамы 356 теңгеге жуықтады

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 355,92 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 350 теңгені құрады. Максималды курс — 357 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 355 теңгені болды.

Таңғы сессияда сауда көлемі 130 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 202.

18 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 19 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 359,23 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында 19 ақпандағы доллардың максималды курсы — 357 теңге (Алматы уақытымен 11:00).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы