Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы қайта 270 теңгеге көтерілді

Доллар бағамы қайта 270 теңгеге көтерілді

KASE-нің кешкі сессиясы бойынша 2015 жылдың 23 қыркүйегінде доллар курсы 270,23 теңге болды. Бұған дейін таңғы сессияда 264,12 теңге, күндізгі сессияда 266,69 теңге болған еді.

Кешкі сессияның алқашқы келісімі 269,9 теңге болған. Бұл төменгі баға. Ең жоғарғы баға 270,4 теңгені құрады. Сауданың ортақ көлемі - 13,1 млн доллар. Қатысушылар саны - 9. 21 қыркүйек күні доллар бағамы 270 теңге болған еді. Бұған дейін 17 қыркүйек күні таңғы сессияда 270,11 теңгені құрады. Бұл 16 қыркүйек күні Ұлттық банктің 144 млн долларға интервенция жүргізгеннен кейінгі баға. Қаржы реттеуші доллар курсына қатысты бағам әлі қанша өзгеретіні туралы мәлімдеме жасаудан бас тартты. "Барлығы саудаға байланысты. Біз доллар курсы 300 теңге болғанда араластық", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов

Похожие материалы