Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 23 шілдесіндегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 345,77 теңгені құрады. 20 шілдедегі таңертеңгі сессияның қорытындысымен салыстырғанда (346,51/$1) ұлттық валюта бағамы 0,91 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 345,45 теңге, ең жоғары – 346,5 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 345,45 теңге көлемінде сақталды. Доллар бойынша сауда көлемі 86 млн 450 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 167.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 347,55 теңге, Алматыда – 347,1 теңге.

Похожие материалы