Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,82 теңгені құрады. 24 мамырдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (379,46 теңге/$1) ұлттық валюта 0,36 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380 теңге, жабылу курсы бір долларға 380 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 79 млн 290 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 176.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381 теңге, Алматыда – 381,7 теңге.
Ұлттық Банктің 27 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 379,36 теңгені құрайды.