Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді

Алматы. 14 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың 14 қыркүйектегі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында курста орташа өлшемді бағамы 373,46 теңгені құрады. 13 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,44 теңге / $1) ұлттық валюта долларға шаққанда 1,98 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 37і теңге, ең жоғары – 374,10 теңге деңгейінде болды, жабылу курсы бір долларға 373,49 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 36 млн 150 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 86.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 375,9 теңге, Алматыда – 376 теңге.

Похожие материалы