2016 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 334,84 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 334,20 теңгені құрады. Максималды курс — 335,85 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 335,31 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 64 млн 450 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 156. 14 сәуірдегі таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 333,76 теңге болды. Осылайша 15 сәуірдегі ресми бағам —334,70 теңге. Ақша айырбастау орындарында доллардың 14 сәуірдегі максималды курсы 335 теңге (Алматы уақыты 15:30-да) деп белгіленген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024