
Ұзақ демалыстардан кейін доллардың теңгеге шаққандағы бағамы нығаюда, деп хабарлайды 7kun.kz.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша, Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 3,87 теңгеге төмендеп, 501,49 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметінше, америкалық доллардың 19-24 наурыздағы ресми бағамы 505,22 теңгеге тең.
Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын сатып алудың орташа бағамы - 500,45 теңге, сату - 505,51 теңге. Нұр-Сұлтанда долларды орташа есеппен 500,75 теңгеден сатып алады, 506,09 теңгеден сатады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025