Вашингтон. 24 шілде. 7kun.kz - АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкциялар жобасын қолдады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс хабарлады.
"Әкімшілік Ресеймен қатынастағы қатаңдықты және бұл санкциялардың енгізілгенін қолдайды", - деді ол басылымдардың біріне берген сұхбатында.
Сара Сандерстің айтуынша, Трамп әкімшілігі Ресейге қарсы қатаң санкцияларды жүзеге асыру үшін АҚШ конгресінің сенатымен және өкілдер палатасымен ортақ жұмысын істей береді. Бұл жұмыстар Украинадағы жағдай орнына келгенге дейін жалғасады.
"Заңнаманың алғашқы нұсқасы нашар жазылды. Бірақ біз өкілдер палатасымен және сенатпен бірлесе жұмыс атқара алдық. Ал әкімшілік қажетті өзгерістердің енгеніне риза. Сондықтан біз заңнаманы қазіргі қалпында қолдаймыз", - деп атап өтті Сандерс.
Ал байланыс директоры Энтони Скарамуччи Трамптың Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтуге қатысты шешімінің әлі нақты емес екенін айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024