Украинаның мемлекеттік бюджеті елдің оңтүстік-шығысындағы қақтығыс кезінде Донбасстан салық жиналмауына байланысты 2,8 млрд доллар жоғалтты. Бұл туралы Украина премьер-министрі Арсений Яценюк мәлімдеді деп хабарлайды rosbalt.ru
"Біз қыс бойы электрэнергия, газбен қамтамасыз еттік. Мұның барлығы тағы 1 млрд долларды құрайды", -деп атап өтті Яценюк. Ол үкіметтің Киевтің бақылауындағы аумақтарда тіркелген Донбасс тұрғындары үшін 14 млрд гривен зейнетақы (670 млн доллар) төлегенін мәлімдеді. Оның сөзінше, Донецк пен Луганск облыстарында қақтығысқа дейін тұрған зейнеткерлер "1,1 млн адамның 900 мыңын" құрайды.
Украина премьер-министрінің айтуынша, украина билігі үшін маңызды тапсырмалардың бірі 23 млрд доллар сыртқы қарызды қайта құрылымдау бойынша келіссөздер жүргізу болып табылады. "Сіздер несие берушілермен келіссөздердің қалай жүргізіліп жатқандығын білесіздер. Олар көп алғысы келеді, ал менің аз төлегім келеді. Енді біз осы дискуссияны жалғастырамыз, себебі мен Украина мемлекетінің ұлттық мүддесін қорғайтын боламын", - деді Яценюк.
"Біз қиын жағдайдамыз, бірақ бұған қарамастан Халықаралық валюталық қормен арадағы ортақ жобамызды іске асырамыз, украиналық экономиканың жүгін азайтып, дамуы үшін алғышарттар құрамыз. Егер бағдарламаны орындасақ, даму болады", - деп есептейді Украина үкіметінің басшысы.
Айта кетейік, Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) негізгі талаптарының бірі - Украина сыртқы қарыздарының қайта құрылымдалуы. ХВҚ мемлекеттік қарыз көлемі мен ЖІӨ арасындағы арақатынас 71%-дан аспауы қажет деп есептейді. 2014 жылдың соңында бұл көрсеткіш 73%-ды құрады. ХВҚ-ның болжамынша, 2015 жылға қарай мемлекеттік қарыз бен ЖІӨ арақатынасы 94%-ға дейін көтеріледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024