Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Дубай билігі туристер үшін алкогольге тегін 30 күндік лицензия енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды Khaleej Times. Бұл туристерге заңды бұзбай, эмират аумағында алкоголь сатып алуға және тұтынуға мүмкіндік береді.
Лицензияны алу үшін Maritime and Mercantile International дүкеніне төлқұжатпен және турист мәртебесін растайтын толтырылған формамен келу қажет. Лицензия алу үшін турист мұсылман болмауы керек және 21 жастан үлкен болуы керек.
Айта кетейік, Дубайда ішімдікті заңды сатып алу, тасымалдау, пайдалану және сақтау үшін лицензия қажет. Бұл ретте басылымның жазуынша, арнайы мекемелер – барлар мен мейрамханаларда алкогольді пайдалану үшін формальды түрде лицензия қажет, бірақ оны әдетте талап етпейді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024