«Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) әлемдік деңгейдегі коммерциялық сот жүйесін құру үшін Дубай халықаралық қаржы орталығының коммерциялық соты және төрелігі (DIFC Courts) көмек көрсететін болады. Бұл туралы Ұлттық банктың баспасөз қызметі хабарлайды.
Осы жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы мәлімдеген еді. Жаңа жоба үшін Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) үлгі болды. Енді консалтинг туралы келісімге сәйкес DIFC Courts мамандандырылған коммерциялық сотты ұйымдастыру бойынша алдағы үш жылда Қазақстан әріптестерінің серіктестері болады. Келісім заңнамалық және реттеуші база бойынша консультациялар көсрету, кадрларды оқыту, сот үй-жайларын жарақтандыру және АТ-инфрақұрылымын қамтамасыз ету тәрізді түрлі аспектілерді қамтиды. Келісімге DIFC Courts Бас судьясы Майкл Хван (Michael Hwang) және Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов қол қойды. «Біз ең үздік халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта Еуразия орталығында әлемдік деңгейдегі қаржы орталығын құруға ниеттіміз. БАӘ-ға бірнеше рет барған кезде біз DIFC Courts сияқты органның осы еркін аймақтың табысында қандай маңызды рөл атқаратынын көрдік. Біз АХҚО-ны ілгерілете отырып олардың тәжірибесін пайдаланудан игілікті нәтижелерді күтеміз» - деді ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024